Воскресенье, 28 Апреля
+21...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!

«Каскор-Транссервис» мекемесінің қызметкерін марапаттау
4 тамызда «Каскор-Транссервис» акционерлік қоғамының құрылғанына 60 жыл толады. Осы уақыт аралығында компания өзін сенімді тасымалдаушы әрі қысқа мерзімде жүк тасымалдауды ұйымдастыру бойынша орасан зор тәжірибесі бар жауапты серіктес ретінде таныта білді. Бүгінгі таңдағы «Каскор-Транссервис» - уақытпен бірге алдыңғы технологияларға сай дамып келе жатқан заманауи компания.

Компанияның мерейтойына арналған салтанатты жиында «Каскор-Транссервис» қызметкерлері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан ведомстволық марапаттарға ие болды.

Кәсіпорынның мерейтойы және Көлік қызметкерлері күні қарсаңында біз ұйымның басқарма төрағасы Борашев Алтай Сағынтайұлын әңгімеге тартқан едік. Ол компанияның қалыптасу жолы, болашақ жоспарлары және кәсіпорынның ең құнды ресурсы – қызметкерлері туралы айтып берді.

«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


Алтай Сағынтайұлы, сұхбатымызды компанияңыздың тарихынан бастайық.

Біздің кәсіпорын қызметін 1963 жылдың тамызында бастады. Алғашқыда Каспий маңы тау-кен металлургия комбинатының теміржол цехы құрылды. 30 жылға жуық уақыттан кейін КТКМК-ның меншік нысаны өзгеріп, 1992 жылдың тамызынан бастап тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектіге бөлінгенге дейін ол «Каскор» акционерлік компаниясының теміржол көлігі басқармасы деп аталды. Кейінірек, 1997 жылы «Каскор» АҚ мәртебесін өзгертіп, «Каскор АК» АҚ деп аталып, 19 кәсіпорын құрылды. Оларға толық құқықтық дербестік берілді, ал теміржол көлігі басқармасы әділет органдарында «Каскор-Транссервис» ашық үлгідегі акционерлік қоғамы («Каскор-Транссервис» АҮАҚ) ретінде тіркелді. 2004 жылы «Каскор-Транссервис» ААҚ «Каскор-Транссервис» АҚ болып өзгертілді және әлі күнге дейін компания осылай аталады.


«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


Компания қызметінің негізгі бағыты қандай?

Біздің кәсіпорынның негізгі қызметі - жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау, көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету, темір жолдарды жөндеу және салу, сондай-ақ жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету.


Кәсіпорынның біздің өңір үшін қандай ықпалы бар?

«КТС» АҚ - жүздеген жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсететін қуатты, техникалық жарақтандырылған, заманауи теміржол көлігі кәсіпорны. Компанияның Маңғыстау облысының аумақтық-өнеркәсіптік кешенінің жалпы инфрақұрылымында алатын орны ерекше. «Каскор-Транссервис» АҚ - аталған салада қызметтердің толық спектрін ұсына алатын, 60 жыл бойы табысты әрі белсенді жұмыс істеп келе жатқан компания.


Кәсіпорынның компаниялар тобына төрт еншілес ұйым кіреді. Қазіргі таңда 500-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз.
Сонымен қатар, кәсіпорын өңірдің ірі салық төлеушісі болып табылады. Компаниялар тобы бойынша 2022 жылғы салық жүктемесінің шамасы 1 миллиард 421 миллион теңгені құраса, «Каскор-Транссервис» АҚ-ның үлесі - 790 миллион теңге.

«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


Компанияның қайырымдылық бағыттағы істері туралы айтып өтсеңіз.

Біз әлеуметтік блокқа ерекше назар аударамыз. Компания акционерлері Маңғыстау облысындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған жас аналарға арналған «Ана Үйі» дағдарыс орталықтары жобасының меценаттары болып табылады.

Балаларды бұқаралық спортқа тартуға көп көңіл бөлінеді. Компания акционерлерінің бірі 2023 жылдан бастап Маңғыстау облысы Самбо федерациясының төрағасы болып тағайындалды әрі компания федерацияның бас демеушісі болып табылады. Көркем және эстетикалық гимнастика Федерациясына да тұрақты негізде қолдау көрсетіледі.


Компания жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсенді қатысады – мүмкіндігі шектеулі балалар мен өз қызметкерлеріміздің бірінші сыныпқа баратын балалары қажетті мектеп жиынтықтарымен толықтай қамтамасыз етіледі.

Бірнеше жыл бойы кәсіпорын өңірдің әлеуметтік маңызды нысандарынан бастап спорттық іс - шараларды қаржыландыруға және атаулы көмек көрсетуге дейінгі түрлі бағыттар бойынша демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.

Бұдан басқа, кәсіпорын ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген кәсіпорында жұмыс істеген және жұмыс істейтін адамдарға демеушілік көмек көрсетіп, қосымша азық-түлік себеттерін сатып алады.

«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


Компанияңыздың тарифтік саясаты туралы не айта аласыз?

Компания қазіргі таңда Ақтау теңіз порттарына жүктерді бағдарлау мақсатында жұмыс істейтін Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутының мүшесі болып табылады. Осыған байланысты компания өзінің реттелмейтін тарифтерін «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ тарифтерімен теңестірді. Бұл жүк ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік берді.


Реттелетін тарифтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бекітетінін атап өткім келеді.

«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


Сіз қызметкерлеріңізді ынталандыру үшін не істейсіз?

Еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік қорғауды күшейту, сондай-ақ қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында «Каскор-Транссервис» АҚ мен еңбек ұжымы арасында келісімшарт жасалды. Келісімшартта сыйлықақы төлеу, кепілдендірілген материалдық көмек көрсету, сауықтыру мен емдеуге қосымша төлемдер сияқты әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған. Компания қызметкерлеріміздің балаларын да ұмытпайды – мектеп демалыстары кезінде олар үшін сауықтыру демалыстары ұйымдастырылады. Жыл сайын балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізіліп, сый-сияпаттар таратылады.


Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында қызметкерлеріміз үшін тегін футбол залы да бөлінген - жаттығулар демалыс және жұмыс күндері, аптасына екі рет «MELOVOY» спорт кешенінде өтеді. Осы мақсатта ұжымға жаттығу залы мен бассейнді пайдалануға 50 пайыз жеңілдік беріледі. «MELOVOY» спорт кешені ашылған сәттен бастап мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелер кезінде компания қызметкерлері арасында ақшалай сыйлықтар тігілген спорттық жарыстар өткізіледі.

Компанияның 60 жылдығы және «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі қарсаңында кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан, жоғары өндірістік және еңбек тәртібі үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, қала және облыс әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды. Біздің қызметкеріміз Жолдасқали Ақтажыұлы Құлжановты ерекше атап өткім келеді – ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті теміржолшысы» наградасына ие болды.

«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


Компанияның болашағы туралы көзқарасыңыз қандай және оны қалай жүзеге асыруды жоспарлап отырсыз?

Жақын арада тағы бірнеше жобаны іске қосу жоспарлануда. Біз жаңа салаларды игеруге тырысып жатырмыз. Қазіргі уақытта локомотивтерді жөндеу үшін таңба (клеймо) алу бағытында жұмыстар жүруде. Сондай-ақ жоспарымызда жүк вагонын жөндеу депосын іске қосу, жылжымалы құрам паркін жаңарту да бар.


Біз өз қабілеттерімізге, күшімізге сенімдіміз. «Каскор-Транссервис» АҚ қызметкерлерінің кәсібилігі арқасында көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етіп отырмыз. Көп жылдар бойы компания жұмысты жақсы ұйымдастыратынын, міндеттемелерді орындай алатынын және қойылған тапсырмаларды жедел шеше білетінін көрсетті.

«Каскор-Транссервиске» - 60 жыл!


Ұжымдастарыңызға не тілейсіз?

Көлік қызметкерлері күні қарсаңында мен ұжымды 60 жылдығымен және кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз оңай емес. Сондықтан сіздерге шын жүректен денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық, молшылық пен сәттілік тілеймін.

Осы жылдар ішінде бізбен бірге болған клиенттерімізге алғыс айта отырып, Сіздерге амандық және өркендеу тілеймін!


Сұхбат үшін, көп жыл бойы жинақталған тәжірибе, компания жұмысының ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет!

Серіктес жоба



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Комментарии закрыты