Четверг, 25 Апреля
+16...+15
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.85 KZT
  • €1 = 474.3 KZT
  • 1 RUB = 4.8 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстаулық іскер әйелдер «Алтын оймақ» байқауына қатысуға шақырады

«ALTYN OIMAQ»
Биыл елімізде алғаш рет отандық дизайнерлер арасында «Алтын оймақ» байқауы басталды. Байқаудың мақсаты - отандық дизайнерлерге және ісін енді бастаған жаңа кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Сондай-ақ, қолынан іс келетін барша шеберге есімін танытуға мүмкіндік беру. Қазірдің өзінде Болар Алмурадова секілді дизайнерлер байқауға қатысуға өтінім білдірді. Осы орайда Маңғыстау облысындағы дизайнерлермен сұхбаттасып, олардан аталған саладағы мәселелер мен перспективалар туралы сұрадық.

Жаңаөзендік дизайнер Болар Алмурадова тігін шеберханасында ұлттық киім тігіп, халыққа қызмет көрсетіп отыр. Өзі сол цехта – пішуші, әрі дизайнер. Келген адамдарға жеке тапсырыс бойынша киім үлгісін ойластырып, тігеді. Тұрақты тұтынушылары бар. Мұнымен қоса қосымша тігін тігу, пішу бойынша курс оқытады.

«Кішкентай кезімнен тігін тігуді жақсы көремін. Дизайнерлік қабілет менде уақыт өте келе пайда болды. Кішкентай күнімде анамның екі метрлік матасын алып, тек көйлектің алдын ғана пішіп қойғаным бар. Содан анам ұрысады деп көрсетпей, тығып тастадым. Сонда да ештеңе деген жоқ. Бірінші бастамам сол болды .Тігінді бастағаннан кейін әртүрлі киім үлгісін ойластыру керек. Интернеттен көрген үлгілерге қарап та тігіп береміз», - дейді шебер.


Шеберханада 5 адам жұмыс істейді. Олар айына 50-80 мың теңге алады.

«Болашақта тігін шеберханамды кеңейтіп, жұмысшыларды көбейтіп, өнімді арттыруды мақсат етемін.Бұл ойым біртіндеп жүзеге асады деп ойлаймын. Тігінді бастағалы шеберхананы жалға алып жүрдім. Енді қаражатым жетпеген жеріне несие алып, шеберхана сатып алмақпын. Осы мәселе шешілсе, ұсақ-түйектерін өзіміз реттеп аламыз», - дейді Алмурадова.


«Бұқаралық тапсырыс ала беремін. Бұрыннан мейрамханадағы жиһаз тыстарын, мектеп формасын алып тіге беремін. Үлгі құрылғы жағынан ешқандай мәселе жоқ. Бәрін өзім сызып, өзім шығарамын. Өзім пішемін, өзім қиямын, тігетін жағын да бақылаймын, жұмыс жасата аламын. Дизайнды сауатты жасау үшін ресейлік онлайн курсқа жазылып қойдым. Маған порталдан мемлекеттік тапсырыс алу кішкене қиын болып тұр. Цехты үлкейткім келеді», - дейді ол.


Жолдасымен бірге 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған ана «әйелдер үйде отыруы керек» деген көзқараспен келіспейді. Үлкен қызының есімімен атаған «Гүлмира» сән үйінің жетекшісі бала босанған кезде ғана жұмыс істемегенін айтады.

«Жұмысшыларды басқара білсең, айлық тауып берсең бәрі болады. Келген клиенттерге тапсырысы көңілінен шығатындай уақытында тігіп берсең сапасына қарай ақшасын береді. Мақтанғаным емес, бір келіп тіккізген адам тұрақты клиент болып қалып жатыр», - дейді тігінші.


Маңғыстау облысы іскер әйелдер Кеңесі жанындағы «Маңғыстау облыстық киім дизайнерлер одағы» қауымдастығының тең құрылтайшысы Диана Ботаева дизайнерлермен ақылдаса келе, бірнеше жылдан бері олардан естіп жүрген тілектер мен ұсыныстардан соң байқауды ұйымдастыру идеясы келгенін атап өтті.

«Ісін енді бастаған дизайнерлер өздері ойластырып, тігіп, тапсырыс қабылдаса, қазір олар оқып, көрмелерге қатысып, ұлттық киім ғана емес күнделікті өмірде киетін киімдер шығарып жатыр. Өңірде ғана емес басқа қалаларға киімдерін сататын белгілі жетістікке жеткен дизайнерлер бар. Олар осы байқауға қатысып, бизнесін дамытуға гранттар ұтып алады», - дейді Ботаева.


Оның айтуынша, бұл салада шешілмей жатқан бірнеше мәселе бар.

«Кадр тапшы. Үлгіші, конструктор секілді тар бейінді мамандар жоқ. Қызмет жасау оңай емес. Тауар сатуды қалай ұйымдастыру керек, ұсақ-түйек заттар мен мата бағасын қалай арзандату керек. Қазақстанда фурнитура жоқ, бұл да бір мәселе», - дейді ол.

Диана Ботаева қазақстандық киім қымбат деген стереотиптен арылу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, қазір бәріне қолжетімді бағада киім тігетін брендтер бар.

«Дизайнер мамандығы Қазақстанда мұнайшы секілді тренд мамандық болуы керек. Италияда дизайнер деп айтса, оған шығармашылық адам ретінде қарайды. Ал италиялықтар оларды экономикаға үлес қосушылар деп санайды. Бұл саланы дамыту арқылы мыңдаған адамға тұрақты жұмыс, айлық бере аламыз. Өзімізге сенуіміз керек. Әйелдер мені түсінеді, себебі бір нәрсені бастасаң «саған не үшін керек?» деп айналаңдағылар қолын сілтейді. Дизайнерлерді қолдау керек. Бұл байқау дизайнерлерімізге көмек болады. Қандай тауар өндіре алатынымызды анықтап, маңызды шешім қабылдау қажет. Әзірге арзан тауар шығара алмаймыз. Ал орта сегмент – біздікі», - дейді Д. Ботаева.


Маңғыстау облыстық іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы, облыстық дизайнерлер қауымдастығының тең құрылтайшысы Сәуле Салихова «Алтын оймақ» байқауы отандық дизайнерлердің елге танылуына ықпал ететінін атап өтті.

«Біріншіден, байқауда жұмыс өтіліне, тәжірибесіне, ештеңеге қарамастан дизайнерлер ғана емес, кез келген адам бақ сынай алады. Кәсіпкерлермен қатар, жеке тұлғалар да қатыса алады. Қазақстанда талантты адамдар көп. Кез келген адам идеясы болса номинанттар арасына қосылып, жеңімпаз болуы мүмкін. Идеясын жүзеге асырмай, ойлап қана жүрген адамдарға бұл үлкен мүмкіндік. Екіншіден, «Алтын оймақ» – Қазақстанда талантты, ешкімге белгісіз, аты жоқ адамдарды шығаратын байқау. Жыл сайын өткізу жоспарда бар. Алғашқы жыл қиын, себебі күмәнмен қарайтындар көп болады. Бірінші байқау қалай өтеді, соған байланысты адам талаптана береді. Сол себепті қатысуға шақырамыз», - дейді Сәуле Салихова.

Ол маңғыстаулық дизайнерлердің басын қосып, оларға байқау туралы ақпарат берілгенін айтты. Жиналыста 10-сыныпта оқитын 16 жастағы қыз «кәсіпкер емеспін, мектепте оқимын, мен қатыса алам ба?» деп сұраған.

«Киген киіміміз Қазақстанда жасалмаған. Ең арзаны Қырғызстан мен Қытайдыкі, қалталы адамдар Италия мен Англиядан киінеді. Қазақстан мүлде жоқ. Шынымды айтсам, 15 жылды құр жоғалттық. Қолдау мұнайға бөлінуде, жеңіл өнеркәсіпке мүлде көңіл бөлінбеді. Қырғыздар 15 жылда Қытай асып, тауар тасып, фабрика ашты. Қазір базардың бәрі қырғыздыкі. Жаңаөзендік дизайнерлер «қырғыздың көйлегі үш мың тұрады, ал мен ең арзан дегенде санасам, бес мыңға сатуым керек. Қалай бәсекелес боламын?» деп айтады. Халық үш мыңның көйлегін алады. Оны суға екі рет салса, пайдаға аспайды. Біз осымен күресуіміз керек. Халыққа төрт ай киетін көйлекті үш мыңға алғанша жеті мыңдыкін екі жыл киесіз деп көрсетуіміз керек. Тігістері сатылмай жатып жыртылып жатыр. Матасы нашар, қалай болса солай пішеді де, тігіп сата береді. Жәй заттардан үнемдеуді көрсету керек», - дейді Сәуле Халелқызы.


Маңғыстаулық іскер әйелдер «Алтын оймақ» байқауына қатысуға шақырады


Маңғыстау облыстық іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы әрдайым халыққа киімнің сапасы мен тігісіне, матасына қарау қажет дейді. Осылай ғана жеңіл өнеркәсіпті көтеруге болады.

«Халық жақсы киінуге үйренген. Бірақ базардағы жағдай тыйылмай жатыр. Соны жою үшін, жеңіл өнеркәсіпті көтеру үшін осы байқау қажет. Бұл байқауды 10 жыл бұрын жасағанда қазір жеңіл өнеркәсіпті көтеріп алатын едік. Сонда да әлі кеш емес. Бес жылдан соң бастағанда көтере алмайтын едік. Қазір Маңғыстаудың дизайнерлері өңірде өндірістің жоқтығынан дизайнын өздері ойлап тауып, Түркия мен Италияда шығарып жатыр. Себебі бізде оны жасайтын фабрика жоқ. Қырғызстанда тігістерінің, жіптерінің сапасы жоқ. Италия мен Түркия еуропалық сапамен жасайды. Ақтауда басқа тартатын жібек орамалды дизайны біздікі болса да Италияда өндіреді», - дейді Салихова.


Ол байқаудың дизайнерлердің серіктестік орнатып, бірігуіне мол мүмкіндік беретінін және мұны қолдайтынын жеткізді.
«Бір адамға көтерілу өте қиын. Бірігіп шағын өндіріс болса, нәтиже болады. Кез келген дизайнер өзін көтергісі келеді. Мысалы, бізде Дина Оразова, Марал Шерниязова, Медина Сақтағанова деген бренд ретінде аттарын шығарып жатқан қыздар бар. Бірақ қазір бастап жатқандарға бірігіп бір бренд жасауға болады», - дейді ол.


Нұржамал Нұрпейсова – «Нұр-Шах» сән үйінің негізін қалаушы, «Маңғыстау облысы киім дизайнерлер Одағы» қауымдастығының президенті. Бұрын мұнай саласында жұмыс істеген. Қанда бар қасиетті дамытып, мұнай саласын тастап 2000 жылдары бірінші ательесін ашады. Қазір сән үйінің Инстаграмдағы парақшасында жарты миллион жазылушысы бар. Ол киім үлгісін ұлттық стильде ғана емес, сонымен қатар заманауи үлгімен де сабақтастырады. Сәуле Салихова үш жыл бұрын дизайнерге ұсыныспен шығып, өңірде дизайнерлер қауымдастығын құруды ұсынады. Алғашында шығармашылық адамы екенін айтып, ұсынысқа қоғамдық жұмыс деп қарап келіспейді. Әріптесінің «Маңғыстауда бір із қалдыруыңыз керек, киім дизайнының дамуына үлес қосуыңыз керек, адамдарды біріктіруіңіз керек» деген сөзінен кейін келісімін беріп, қауымдастықтың президенті атанады.

«Қауымдастық құрылғаннан бері бірнеше отырыс өтті. Маңғыстауда дизайнерлер ішінде ауызбіршілік бар. Олар бір-бірін қолдап, көмектеседі. Әр адам өз қолтаңбасын іздеп, соңынан із қалдыруы керек. Сол бағытта қазір дизайнерлер дамып келе жатыр.
Ақтаудың 55 жылдығында сән көрсетілімін жасадық. Биыл да Наурыз алдында болды. Осындай қауымдастық керек екен. Уақыт оны көрсетті», - дейді дизайнер.


Айта кетсек, астанамызда 2019 жылдың 7-8 маусымында отандық кәсіпорындарды қолдау мен ынталандыру мақсатында «Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп форум-көрмесі» салалық іс-шарасы өтеді. Жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары күні қарсаңында «Көрме» орталығында жаңадан бастаған дизайнерлер мен тігін өндірісі өкілдеріне ашық алаң ұйымдастырылып, олардың жаңа серіктестер табуына мүмкіндік берілмек.

«Алтын оймақ» байқауының бірінші кезеңінде 15 мамырға дейін www.fundwomen.kz сайты арқылы өтінімдер қабылданып, комиссиямен байқау лауреаттары іріктеледі. Екінші кезеңде үміткерлер қоғамдық онлайн-дауыс беруге қатысады. Бас жүлдеге алғашқы үміткерлер маусым айында Астанада өтетін Жеңіл өнеркәсіп форумында жарияланады.Үшінші кезеңде алты лауреаттың ішінен жеңімпаз таңдалады. Жеңімпаздарды марапаттау желтоқсанда өтеді.




Дизайнеры Мангистау примут участие в работе республиканского Форума легкой промышленности


В начале марта НПП РК «Атамекен» и Фонд поддержки женского предпринимательства объявили о старте конкурса среди казахстанских дизайнеров одежды «ALTYN OIMAQ». Шанс стать победителем есть практически у каждого человека, вне зависимости от наличия своего предприятия и самого продукта. Первый этап конкурса завершится в начале июня в столице на Форуме легкой промышленности, где и будут объявлены первые шесть претендентов на победу.
Ярмарка, шоу-показы одежды отечественных производителей, В2В встречи, семинары, воркшопы – участников Форума ждет интересная программа.


Товаропроизводители смогут узнать, как выводить на рынок и продвигать собственный бренд, правильно организовать интернет-торговлю. Планируется, что в работе Форума примут участие порядка 500 участников, среди которых дизайнеры, ремесленники, ритейлеры, байеры и представители швейных предприятий.

- Чтобы вывести отечественных дизайнеров на новый уровень должны быть созданы новые площадки, которые будут предназначены не только для реализации и продвижения изделий легкой промышленности на рынок, но и для формирования деловых контактов, а так же для обучения специалистов узкого профиля, таких как модельер-конструктор, портной.


В Алматы и Нур-Султане есть ряд зарекомендовавших себя мероприятий, где ежегодно загораются новые звезды. Но в регионах, например для молодых дизайнеров, это роскошь, позволительная не каждому. Новичков, а особенно «самородков», без стартового капитала, часто осуждают за плохо представленную коллекцию. Если говорить откровенно, наш дизайнер - сам себе продюсер, организатор, администратор, креативный директор, т.е. все зачастую делает сам! Самостоятельно необходимо арендовать площадку для проведения мероприятия, оплатить услуги моделей, визажистов, фотографов и многое другое. Поэтому в регионах эффективно объединяться! Если ты состоишь в союзе, в ассоциации с другими дизайнерами, ты сможешь не только заявить о себе, но и прореклармировать свой бренд, поделив расходы по организации с коллегами по цеху. Каждый новый показ, проект – это бесценный опыт, - поделилась своим мнением руководитель проекта «Национальный конкурс дизайнеров «ALTYN OIMAQ» Диана Ботаева.

• Есть два критических момента в бизнесе: когда ты только начинаешь и когда, ты уже вроде занял свой средний уровень, хочешь взять планку выше, но не знаешь как, а бывает что просто мотивации или средств недостаточно. Думаю, что наш Конкурс может стать новым импульсом для всех - и для тех, кто добился успеха и для тех, кто делает свои первые неуверенные шаги, поделилась с нами соучредитель Ассоциации «Союз дизайнеров одежды Мангистауской области».
В работе форума, как и в самом конкурсе «ALTYN OIMAQ», могут принять участие и не только профессионалы из крупных компаний, но и любители, не имеющие специального образования.

• Не обязательно иметь готовый продукт, можно просто иметь хорошую идею. Есть много новичков в отрасли, которые еще не воплотили свои задумки в реальность, а это уникальный шанс заявить о себе на всю страну. Я считаю, что этот конкурс найдет много новых талантов. Мы провели большую встречу с дизайнерами Мангистауской области, рассказали о всех условиях участия, номинациях и даже идеях, предложили им принять активное участие . Наш регион имеет своих звезд в этой отрасли - бренды, уже известные не одно десятилетие, так и новые, которым 2-3 года. На встрече была десятиклассница, которая не может в силу законодательства зарегистрировать свое ИП или ателье, но тоже хочет принять участие. Конкурс даст хороший толчок для творческих людей, - рассказала председатель регионального Совета деловых женщин Мангистауской области Сауле Салихова.

Маңғыстаулық іскер әйелдер «Алтын оймақ» байқауына қатысуға шақырады


О своем желании участвовать в конкурсе заявляют и сами дизайнеры Мангистау, им есть, что показать. Желание участвовать в конкурсе не дает покоя Болар Алмурадовой из г. Жанаозен, она уже думает как воплотить свою идею:

- Я люблю шить с самого детства, и тогда уже было понятно, что у меня есть способность к моделированию одежды. У нас небольшое ателье, работают 4 человека вместе со мной. Я сама и дизайнер, и закройщик, и швея. В перерывах между работой обучаю желающих швейному делу. У меня много идей для реализации. Когда принимаю частные заказы, многие приходят уже со своей идеей, подсмотренной в интернете. И приходится объяснять, где-то показывать, что лучше сделать иначе, на вас такой костюм будет смотреться совсем по-другому. Надеюсь, что участие в конкурсе «ALTYN OIMAQ» поможет мне найти новых клиентов по всему Казахстану, познакомиться с дизайнерами из других регионов, - рассуждает владелец ателье из Жанаозена Болар Алмурадова.
Три года назад по инициативе и поддержке регионального Совета деловых женщин РПП «АТАМЕКЕН» была создана Ассоциация «Союз дизайнеров одежды Мангистауской области», объединившая многих молодых дизайнеров одежды, возглавила Ассоциацию основатель и директор Дома моды «Нур-Шах» Нуржамал Нурпейсова.


• Мы проводим мастер-классы, делаем показы и ярмарки. У нас есть много идей для разных масштабных проектов. Такие объединения нужны в каждом регионе. Новичку важно учиться. Есть дизайнеры, которые задают планку. Своим примером они показывают начинающим модельерам как нести в массы свой бренд, как его делать популярным. Даже если они все представляют национальную одежду, каждому из них нужно иметь свой почерк, свой фирменный стиль, - рассказывает президент Ассоциации «Союз дизайнеров одежды Мангистауской области» Нуржамал Нурпейсова.
О необходимости объединения говорит и председатель регионального Совета деловых женщин Мангистауской области Сауле Салихова.
Сауле Халеловна считает, что у объединившихся дизайнеров больше возможностей для победы на конкурсе.

• Наши дизайнеры не должны пугаться любых форм объединений. Один в поле не воин, нужно строить сообщества любой формы. Для думающих на перспективу профессионалов, это новая ступень в развитии. Они не конкуренты друг другу, а партнеры. Вместе они смогут добиться результатов, идти вверх. Наши дизайнеры мечтают стать именитыми и сделать из своей фамилии бренды. Этого очень сложно добиться и здесь лучше развиваться вместе. Кто-то силен в аксессуарах, кто-то силен в производстве текстильного изделия, и как пример такого объединения бренд DOLCE GABBANA. Мы планируем, что «ALTYN OIMAQ» поможет дизайнерам найти новый вид сотрудничества, - подытожила председатель регионального Совета деловых женщин Мангистауской области Сауле Салихова.

Напоминаем, что заявки на конкурс можно подать на сайте altynoimaq.fundwomen.kz

Каждый из шести лауреатов Национального конкурса дизайнеров одежды «ALTYN OIMAQ» получит денежный приз в размере 1 миллиона тенге!
Принять участие можно в одной или двух из шести номинаций:

1) «Лучший дизайн делового наряда с элементом национального орнамента»;
2) «Лучший дизайн спортивной одежды с элементом национального орнамента»;
3) «Лучший дизайн детской одежды с элементом национального орнамента»;
4) «Лучший дизайн текстиля для дома с элементом национального орнамента»;
5) «Лучший дизайн аксессуара с элементом национального орнамента»;
6) «Лучший кастом-дизайн спортивной обуви».








Партнерский проект lada.kz и "ALTYN OIMAQ"



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Комментарии закрыты



Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter