Суббота, 27 Апреля
+19...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстаулық қолөнершілер шығармашылық пен жұмысқа арналған орынға мұқтаж

Медина Избасарова
Маңғыстау облысында байырғы қазақ үйді жүн таңдаудан бастап, соңғы жібін байлағанға дейін бүге-шігесіне дейін біліп, жасай алатын 4 шебер ғана қалған. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер Палатасының төрайымы Сәуле Салихова мәлімдеді. Өңірде қолөнер дәстүрін сақтап қалу мақсатында «Аңыз Тұлға» бағдарламасы жасалды. Алайда оны толығымен жүзеге асыру үшін қолөнершілерге арнайы орталық қажет.

Бағдарлама «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауының ұйымдастырушыларының қатысуымен қолға алынды.

- Жыл басында Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері облыстың бұрынғы әкімі Ералы Тоғжановпен кездесу өткізіп, Қолөнершілер орталығын ашу қажеттілігі туралы айтқан болатын. Мәселенің өзектілігіне байланысты қажетті ғимарат қарастыруға тапсырма берілді. Алайда табылған ғимарат жеке меншікте болып шықты. Иесі қала әкімдігімен бос жер учаскесіне ауыстыру туралы талқылауға дайын еді, алайда әкімдік бұл мәселені шешуге асықпады. Кейін кадрлық ауыс-түйістер болып, мәселе шешілместен, сол күйінде қалды.


Маңғыстау – туризмді дамытуда зор мүмкіндіктері бар ерекше өңір. Қолөнершілік – туризмнің маңызды бөлігінің бірі. Мысалы, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолияда қолөнершілікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар жасалған. Осының арқасында жергілікті шеберлердің өндірісі кеңейді. Маңғыстау облысы қолөнершілер Ассоциациясының мәліметінше, қазір өңірде киіз үйді ежелгі технологияларға сай толық жасай алатын төрт (!) шебер қалған.
Жыл санап өңірге келуші шетелдік туристер саны артып келеді, олардың таңғала сұрайтындары: «Сіздерде сатып алатын кәдесыйыңның қалай жасалғанын көзбен көруге болатын Қолөнершілер орталығы неге жоқ?». Біз өзіміздің ұлттық сәйкестігімізді сақтауымыз қажет, ал бұл тікелей біздің ежелгі қолөнерімізбен байланысты. 20 жылдан кейін мұның бәрі музейде ғана тұратын болса, өкінішті. Көптеген елде оқушыларға үйрету мақсатында қолөнершіліктің бірегей технологияларын меңгергендерді толығымен мемлекеттің, я болмаса, жалпыұлттық құрылымның қамқоршылығына алу тәжірибесі бар. Мұндай «тірі аңыздар» елімізде 10-15 адам болар, тіпті бұдан да аз болуы мүмкін деп ойлаймын. Қазір осы қолымыздағыны сақтап үлгеруіміз керек, меніңше, біздің 5-7 жыл ғана уақытымыз бар, өйткені бұл ерекше шеберлердің жастары 70-тен асқан, - дейді өңірлік кәсіпкерлер Палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Маңғыстаулық қолөнершілер шығармашылық пен жұмысқа арналған орынға мұқтаж

Ауес Сагинаева


- Бүгінде Ақтауда зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар ретсіз сатылатын жәрмеңкелер бар. Алайда біз шығармашылықтан бөлек, мәдени мұрамызды жеткізетін бұйымдарға да көңіл аударуымыз қажет. Шеберлердің басын қосып, бір жерге – Қолөнершілер орталығына топтастыруымыз керек. Адамдар кәдесыйларды қай жерден сатып алуға болатынын, шеберлік сабақтарына қалай қатысу керектігін білетін болады. Бұл қажеттіліктер өңірдің бірде-бір даму бағдарламасына қосылмаған, - дейді Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Маңғыстау облысы дизайнерлер одағы» ассоциациясының тең құрылтайшысы Диана Ботаева.


Әуес Сағынаева 2017 жылы құрылған Маңғыстау облысы қолөнершілер ассоциациясына басшылық еткелі бері, Ақтауда қолөнершілер орталығына ғимарат іздеумен келеді. Облыс әкімдігіне хаттар да жазылды, Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдерімен кездесулер де болды, бірақ баяғы жартас, сол жартас. Қазір Әуес апа ықылас танытқандарға заманауи және дәстүрлі тәсілмен киіз басуды үйретіп жүр. Шеберлік сабақтарына орта мектептердің мұғалімдері - технологтар да келеді.

- Біз Маңғыстауда ежелгі өнерді жандандырғымыз келеді. Алаша, текемет жасаймын. Былтыр жеке тапсырыс бойынша өндірістік технология салдарынан ұмыт қалған түйе жүнінен шекпен жасадым, оны жүз жыл болған шығар ешкімнің қолға алмағанына. Бұл ұмытылған техниканың қажеті де жоқ секілді, ешкім айналыспайды. Өзім қолға алдым. Қазақтың дәстүрлі өнерін, ұмытылған, ескі, бүгінде қолданылмайтын техникаларды және заманауи өнерді – киіз басуды, таза жібекпен жұмыс жасауды, киізде кестелеуді, тоқуды үйретемін, - дейді Әуес апа.


Жергілікті қолөнершілердің ортақ мәселесі – өз өнімін ұсына алатын, сата алатын бірыңғай алаңның жоқтығы, өйткені аймақтық нарық Қытай мен Қырғызстаннан әкелінген өнімдерге лық толы.

- Қазіргі уақытта Маңғыстау қолөнершілері өнімдерін шағын пәтерлерінде, ал аудандарда өз ауласындағы сарайда, тіпті қорасында жасайды. Дайын өнімін сату үшін қолөнерші қалаға баруы керек немесе кезекті жергілікті жәрмеңкені күтеді. Ал туристер бірегей туындыларды кімнің, қалай жасағанын көре алмайды. Қолөнершілер орталығын ұйымдастыру бойынша соңғы кездесуде шенеуніктер демеушілерді «өздерің іздеңдер» деп ұсынды. Қазір біз осы мәселеге назар аударған жеке тұлғаларға қолдау қажеттігін айтып, үндеу жасағымыз келеді. Біз жобаның барлық ұйымдастыру жұмыстарына қатысуға дайынбыз. Бізге көмек қажет, - дейді «Маңғыстау облысы дизайнерлер одағы» ассоциациясының тең құрылтайшысы.


«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Қолөнершілер орталығына қажет барлық ақпаратты – шеберлер туралы, олардың ерекшеліктері туралы мағлұматтарды, суреттерді дайындап қойған. Ендігі іс – Маңғыстауда қазақтың ұлттық байлығы мен мәдени дәстүрлерін сақтап қалу үшін Орталыққа қажет ғимарат тауып, жұмысын ұйымдастыру.

Маңғыстаулық қолөнершілер шығармашылық пен жұмысқа арналған орынға мұқтаж

Кумис Косбай


У мангистауских ремесленников нет места для работы и творчества


В Мангистауской области проживают только четыре женщины, которые умеют делать исконно казахские юрты от начала подбора шерсти и до последнего штриха. Об этом сообщила председатель Совета деловых женщин региональной Палаты предпринимателей Сауле Салихова. Для сохранения ремесленных традиций в регионе была разработана программа «Аңыз Тұлға» (Человек–Легенда). Однако для полной её реализации необходим полноценный Центр ремесленников.

Инициатором программы выступил Совет деловых женщин (СДЖ) региональной Палаты предпринимателей «Атамекен» при участии организаторов национального конкурса дизайнеров «ALTYN OIMAQ».

- В начале этого года члены СДЖ встречались с предыдущим акимом области Ералы Тугжановым, говорили о необходимости открытия Центра ремесленников. Вопрос был поставлен остро, было дано поручение о поиске подходящего здания. Здание как бы нашли, но оно в частной собственности. Хозяин был готов обсудить с акиматом города обмен здания на пустующий земельный участок, но акимат не стал решать этот вопрос. Потом произошли кадровые изменения, и вопрос до сих пор остался открытым. Мангистау – уникальный регион, который имеет колоссальные возможности для развития туризма. Ремесленничество – одно из важных составляющих туризма. К примеру, в Узбекистане, Кыргызстане, Монголии разработаны государственные программы по поддержке ремесленничества, благодаря чему производство местных мастеров поставлено на широкий поток. По данным Ассоциации ремесленников Мангистауской области, в регионе в данный момент проживают четыре (!) женщины, которые владеют искусством изготовления юрт в полном объеме по древним технологиям.


«Сейчас уже есть поток зарубежных туристов, и он нарастает из года в год, и они все удивляются: «Почему нет такого Центра ремесленников, где можно посмотреть, поучаствовать в создании сувенира самому и его же купить?». Мы должны сохранить нашу национальную идентичность, а она непосредственно связана с нашими древними ремёслами. Будет печально, если через 20 лет всё это останется только в музеях. Есть опыт многих стран, когда люди, обладающие уникальными технологиями ремёсел, берутся на полное попечительство государства либо какой-либо другой общенациональной структуры с целью передачи своих навыков, умений, уникальных технологий ученикам. Считаю, что таких «живых легенд» в Казахстане может быть не более 10-15 человек, а может и того меньше. Хотелось бы успеть сохранить то уникальное, что у нас ещё есть, на мой взгляд, у нас осталось, максимум, 5-7 лет, так как все эти уникальные мастера преклонного возраста, им всем 70 и более лет» - рассказывает председатель Совета деловых женщин региональной Палаты предпринимателей Сауле Салихова.

Маңғыстаулық қолөнершілер шығармашылық пен жұмысқа арналған орынға мұқтаж

Медина Избасарова


- Сегодня есть хаотичные ярмарки в Актау, где продают ювелирные изделия, сувениры. Но помимо творчества нужно обращать внимание на вещи, которые передают наше культурное наследие. Умельцев нужно объединить и предоставить своё единое место – Центр ремесленников. Люди должны знать, куда им приходить, где можно купить, принять участие в мастер-классах. Никто не включает данные потребности ни в одну программу развития области, - сетует член СДЖ, соучредитель ассоциации «Союз дизайнеров одежды Мангистауской области» Диана Ботаева.


Ауес Сагинаева возглавляет созданную в 2017 году Ассоциацию ремесленников Мангистауской области, и с тех пор занимается поиском помещения под Центр ремёсел в Актау. Были написаны письма акиму области, были встречи с представителями акимата г.Актау, но воз и ныне там. И сегодня Ауес апа преподает войлоковаляние всем желающим как современное, так и по древним технологиям. Получать знания приходят и преподаватели - технологи из средних школ.

- Мы хотим возродить древние искусства в Мангистау. Я умею делать алаша, текемет. В прошлом году уже никем не производимый последние сто лет, забытый из-за технологии производства чапан «шекпен», сделала из верблюжьей шерсти по индивидуальному заказу. Этим никто не занимается в стране, давно забытая техника, никому вроде не нужная. Я сама инициативно начала делать это. Я могу преподавать казахское традиционное искусство, старые забытые, сейчас неиспользуемые техники и современное искусство – войлоковаляние, работа с натуральным шелком, вышивка по войлоку, ткачество, - рассказывает Ауес апа.


Местные ремесленники встречаются со значительными трудностями. Нет единой площадки для презентации и сбыта, так как местный рынок заполнен сувенирной продукцией из Китая и Киргизии.

- В настоящее время ремесленники Мангистау производят свои изделия в своих небольших квартирах, а в районах – в своих подсобных помещениях, почти в сараях. Для реализации изделий ремесленник должен выезжать в город или ждать организации очередной местной выставки. Ни один турист не видит, кто и как делает неповторимые шедевры. В ходе заключительной встречи по организации Центра ремесленников чиновники предложили искать спонсоров самостоятельно. И сейчас мы хотим обратиться к заинтересованным частным лицам, что нам нужна поддержка, мы готовы сопровождать проект по всем организационным вопросам. Нам нужна помощь, - говорит соучредитель ассоциации «Союз дизайнеров одежды Мангистауской области».


Совет деловых женщин региональной Палаты предпринимателей «Атамекен» уже подготовил всю необходимую информацию для запуска Центра ремесленников – данные мастериц, описание их уникальности, фотографии. Теперь дело осталось за малым – помочь с помещением и организацией Центра, чтобы успеть сохранить народное достояние и культурные традиции казахов Мангистау.

Фото Вадима Крючкова

Партнёрский проект «Лады» и ассоциации «Союз ремесленников Мангистауской области»



Маңғыстаулық қолөнершілер шығармашылық пен жұмысқа арналған орынға мұқтаж
Маңғыстаулық қолөнершілер шығармашылық пен жұмысқа арналған орынға мұқтаж
Маңғыстаулық қолөнершілер шығармашылық пен жұмысқа арналған орынға мұқтаж
Маңғыстаулық қолөнершілер шығармашылық пен жұмысқа арналған орынға мұқтаж
Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Комментарии закрыты



Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter